Кері байланыс
Педагогтердің сауалдары және әдіскерлердің жауаптары . Егер сіз сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз, біз сізге қуана көмектесеміз. omk@kineu.kz электрондық поштасына жазыңыз!
Пәндер бойынша биылғы оқу жұмыс жоспары және күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгілерін қай жерден қарауға болады?
Пәндер бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспары және күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгілері «Әдістемелік көмек» бөлімінде орналасқан. Құжат үлгісі күнтізбелік –тақырыптық жоспар, жұмыс оқу жоспары деп аталады.
Студенттер ғылыми жұмысының нақты ресімделу ережелері мен талаптарын қай жерден алуға болатынын айтып жіберіңізші.
«Жас ғалым» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының ережесі мен рәсімдеу талаптары «Бағдарламалық-әдістемелік бөлімінде орналасқан.
Колледжімізде қолданылатын білім беру платформаларында жұмыс істеу тәртібі және ережесімен қай жерде танысуға болады?
Қашықтықтан оқыту кезінде оқу орнымызда қолданылатын білім беру «ELSYMA» және Adobe Connect платформаларымыз туралы ақпарат және оларды қолдану нұсқаулығымен «Заманауи ақпараттық технологиялардың енгізілуі» бөлімінде таныса аласыздар.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website