Виртуалды әдістемелік қызмет
Виртуалды әдістемелік қызмет оқытушылар үшін әдістемелік кеңістікті ұйымдастыруға, қажетті ақпаратқа оңтайлы қол жеткізуге, жас оқытушыларға жедел әдістемелік көмек көрсетуге, жетекші оқытушыларға жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Мақсаты: Колледждегі оқытудың тиімділігін арттыру үшін оқу-әдістемелік, ғылыми - әдістемелік және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс деңгейін жетілдіру және педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру.

Міндеті:

  • Педагогикалық кадрларды қолдау және білім беру процесінің деңгейін арттыру үшін нормативтік және ақпараттық-әдістемелік базаны қалыптастыру.

  • Колледждегі оқу процесінің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін оқытудың заманауи технологияларын енгізу.

  • Педагогтердің шығармашылық бастамасын дамыту және кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау, оларға уақытылы әдістемелік көмек көрсету.

"Оқытушыға арналған 10 онлайн құралы"
Тіркеліңіз де, файлды тегін алыңыз!
Біздің оқытушылардың пікірлері:
Виртуалды әдістемелік қызмет оқытушыларға арналған әдістемелік кеңістікті ұйымдастыруға мүмкіндік береді, қажетті ақпаратқа оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік туғызады, жас оқытушыларға жедел әдістемелік көмек көрсетеді, тәжірибелі педагогтарға жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Аргимбаев Темирлан Ерланович
Виртуалды әдістемелік қызметтің қазіргі таңдағы көмегі білім беруде компьютерлік техника мен телекоммуникацияны кеңінен енгізу жағдайында өзекті және уақтылы, ол біртұтас ақпараттық-білім беру кеңістігін дамыту
жөніндегі тұтас жүйенің және іс-шаралар кешенінің бөлігі болып табылады.

Муратов Бекнур Абсатович
Колледж сайтына тағы бір қызмет қосылғанына қуаныштымыз.Білімсаласында болып жатқан құжаттардың ылғи өзгеріп тұруына байланысты, осы виртуалды әдістемелік қызмет көрсету уақытылыжәне өзекті жасалған дүниелердің бірі деп білемін. Бұл жерде әр оқытушы өзіне қажетті құжат немесе материалды тез тауып алып, қажетіне қарай қолдана алады.
Жаксалыкова Кунсулу Салыковна
Жас оқытушы ретінде бұл сайттың қосымшасы маған қажетті құжаттарды тез меңгеріп, оларды өз жұмысымда пайдалануға көп мүмкіндік беріп отыр. Бұл жерде күнделікті оқытушы жұмысына қажетті материалдардың көбі бар.
Жанузакова Айгерим Нуржановна
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website